МКҚК «Ясли-сад «Сәулетай»
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының
Қаз
Рус
Бас  / Жаңалықтар

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының педагог-ассистенті бос лауазымына орналасуға Конкурс жариялайды

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай ауданы  білім бөлімінің  «Сәулетай» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымының ассистент-педагогы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
 
1. Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Тобыл қаласы, Дорожник шағын ауданы 17/1
Байланыс телефондары: 8 (714) 55-2-07-34, e-mail: yasli-sadsauletay@mail.kz
 
2.Бос лауазымның атауы: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагог-ассистент, оқу жүктемесі – 1,25 ставка. Лауазымдық жалақысы:  (еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты).
3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары немесе орта арнайы  педагогикалық білім, инклюзивті білім беру бағыты бойынша оқу курсын бітіргені туралы сертификат.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.12.2023 – 22.12.2023.
Конкурс комиссиясының құжаттарды қарау күні: 2023 жылғы 25 желтоқсан, сағат 10.00-де
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының бiрiншi басшылары мен педагог қызметкерлерiн лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесiн көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) медициналық кітапша;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымның анықтамасы;
9) аттестаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының сертификаты (бар болса);
10) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының бiрiншi басшылары мен педагог қызметкерлерiн лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос лауазымына орналасуға кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11) бұрынғы жұмыс орнынан немесе үміткер оқудан өткен ұйымнан ұсыныс хат.
12) инклюзивті білім беру бағыты бойынша оқу курсын бітіргені туралы сертификат.
Үміткер бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми/ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары, бұрынғы басшылықтың ұсынымдары) ұсынады. жұмыс орны).
5-тармақта көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.