Сәулетай балабақшасының музыкалық жетекшісі Мария Леонидовна Осипова ата-аналардың сұрақтарына жауап береді.
1. Балалармен тақырыптық нөмірлерді сахналайсыз ба? Барлық балалар қатыса ма?
Кез келген іс-шарада мен тақырыптық нөмірлерді үйренемін, барлық балаларды тартуға тырысамын, сонымен қатар ата-аналарды осы нөмірлерге костюмдер жасауға қатысуға тартамын.
2. Ертеңгілікке ата-аналар қатыса ала ма?
Музыка жетекшісі мен мұғалімнің қалауы бойынша ата-аналар балалар ертеңгілігіне қатыса алады (балалармен бірге ән айту, баламен билеу, ойнау, баламен кішкене әзіл немесе тақпақ айту)
3. Сіз мемлекеттік тілді білесізбе ? Қандай деңгейде? Өйткені, балабақша аралас?
Мен оның мемлекеттік топ балаларымен іс-шара өткізгенін көрмедім?
Бізде қазақ тілін арнайы мұғалім келіп тұрады, сабақ береді, сондықтан мен қазақ тілін білемін.
Іс-шараларымыз жылдық жоспарға сәйкес өткізілуде. Мемлекеттік тілде оқытатын топтарға қазақ тілінде ертеңгіліктер мен ойын-сауықтар дайындап, мемлекеттік тілдегі әндерді үйреніп, ұлттық билерді хореографиямен жүргіземін.